Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қарашадағы № 840 Қаулысы

 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қарашадағы № 840 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 159-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:

«3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері» деген бөлім «Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі» деген кіші бөліммен және мынадай мазмұндағы 82-2-тармақпен толықтырылсын:

«82-2. «Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен зор практикалық маңызы бар энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы көрнекті әзірлемелері үшін, энергетикалық ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ететін энергияны пайдаланудың жаңа әдістерін енгізгені үшін, кадрлар даярлау мен біліктілігін арттырудағы жоғары жетістіктері үшін, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнамалық базасын жетілдіруге қосқан жеке үлесі үшін, көп жылдық адал еңбегі үшін, сондай-ақ халық арасында энергия үнемдеуші мінез-құлықты (қозғалысты) танымал ету жөніндегі жетістіктері үшін Қазақстанда энергия үнемдеуді дамыту жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын энергия үнемдеу саласының қызметкерлері, сондай-ақ энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруды дамытуға жеке үлкен үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку