«Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 39 Қаулысы (2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 39 Қаулысы
(2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020.21.09. № 108 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020.21.09. № 108 Қаулысымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.19.12. № 122 Қаулысымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020.21.09. № 108 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдары (бұдан әрі - банк) қолма-қол ақша арқылы ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде берілетін аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің мынадай міндетті деректемелері белгіленсін:
1) банктің (оқшауланған бөлімшенің, өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшенің) атауы;
2) банктің (оқшауланған бөлімшенің) бизнес сәйкестендіру нөмірі;
3) аппараттық-бағдарламалық кешеннің салық органындағы тіркеу нөмірі;
4) аппараттық-бағдарламалық кешеннің бақылау чегінің банкте (оқшауланған бөлімшеде, өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшеде) берілген реттік нөмірі;
5) операция жүргізілген күн және уақыт;
6) операцияның атауы;
7) әрбір жүргізілген операцияның сомасы;
Демо – версия документа