Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 383 бұйрығы

 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 383 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

«Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10954 тіркелген, 2015 жылғы 8 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларында:

2-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгіленетін мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Түзету жазбаларын жүргізу кезінде операцияның мазмұны мен түзету себептері ашылады.

Түзету және басқа есеп жазбалары растайтын құжаттарды қоса бере отырып, субъекті басшысының және бас бухгалтерінің (немесе ұйымның банктік және қаржы құжаттарына бірінші және екінші қол қою құқығына ие лауазымды адамдарының) қолы қойылған бухгалтерлік анықтамамен ресімделеді және осы ұйымның мөрімен бекемделеді (ол бар болса).»;

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

«22-1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен бекітілген бастапқы құжаттардың нысандары қолданылады.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку