Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН...

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының

Қаржы Министрінің

2020 жылғы 20 қаңтардағы

№ 39 бұйрығына 1-қосымша

 

Осы редакция 2024 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары -

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің

2020 жылғы 20 қантардағы

№ 39 бұйрығына 2-қосымша

 

 

Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау

қағидалары

 (100.00 нысан)

(2022.18.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Қаржы министрінің 2022.18.01. № 49 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленді және корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі - КТС) есептеуге арналған «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация» салық есептілігінің нысанын (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны:

мемлекеттік мекемелерді;

орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;

110.00 немесе 150.00-нысандары бойынша декларация толтыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын резидент-заңды тұлғалар, бейрезидент-заңды тұлғалар жасайды.

2. Декларация декларацияның өзінен (100.00-нысан) және салықтық міндеттемені есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (100.01-ден 100.11-ге дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін декларациядағы жолдар толтырылған кезде жасалады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку