Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қарашадағы № 743 Қаулысы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)

Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қарашадағы № 743 Қаулысы

(2023.04.10. берілген өзгерістермен)

 

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 62-бабының 2-тармағына, «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 83-бабының 1-тармағына және 86-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы оған «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шара орындалғаннан кейін «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы қайта құру жолымен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта ұйымдастырылсын.

3. Осы қаулының 2-тармағында көзделген іс-шара орындалғаннан кейін «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) оған «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

4. Серіктестік қызметінің негізгі нысанасы ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинақтау, өңдеу және тарату, Қазақстан Республикасының рухани-адамгершілік құндылықтарына, саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысты ақпаратты тарату болып айқындалсын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции