(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨСIМДIКТЕРIНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚҚА ЖАРАМД...
Осы редакция 2017 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-2/416 бұйрығына
3-қосымша
«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемкомиссия) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің сорттарын сынауды және бағалауды өткізу кезiнде Мемкомиссияға құжат тапсырған күнінен бастап - бiр жылға дейiн;
мемлекеттiк сорт сынау деректерi бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын сынауды және бағалауды өткізу кезінде егін отырғызған күнінен бастап:
бұршақты, дәнді-бұршақты, жармалық, майлы, техникалық, иіру, көкөністік, бақша, гүлді-сәнді дақылдар және картоп - 3 жылға дейін;
жемшөптік - 6 жылға дейін;
жеміс, ағаш, жидек дақылдары және жүзім - 12 жылға дейін;
2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды;
Редакция документа
Демо – версия документа