«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 8 қарашадағы № 428 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 8 қарашадағы № 428 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 554 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы:
Осы бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
«Жастар саясатын үйлестіру басқармасы» бөлімінде:
«іске асыру» бөлімінде:
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру».
«Отбасы саясатын үйлестіру басқармасы» бөлімінде»:
«іске асыру» бөлімінде:
он сегізінші абзац алып тасталсын.
«Мониторинг және талдау басқармасы» бөлімінде:
«реттеуші» бөлімінде:
екінші абзац алынып тасталсын.
«Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасы» бөлімінде:
Демо – версия документа