«Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын, Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 108 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 91 Қаулысы
«Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын, Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 108 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 91 Қаулысы
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 4-4) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын, Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 108 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21731 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде ұсынылған құжаттарды олардың Қағидалардың 4 және 5-тармақтарының, Стандарттың 8-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларының талаптарына сәйкес болу мәніне қарайды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы бұйрықтың жобасын не микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны беруден дәлелді бас тартуды дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қарауына жібереді.
Демо – версия документа