«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 518 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 518 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:
38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«38) Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;»;
47) және 48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«47) мемлекеттік органдардың ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректерінің бірыңғай тізбесін әзірлеу және бекіту;
48) жыл сайын, 1 маусымнан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті ұсыну;»;
50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«50) көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден босату тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 88-1) тармақшамен толықтырылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа