«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 807 бұйрығы
«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 807 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізiлсiн:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну Қағидаларында:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. 111 «Еңбекақы төлеу» ерекшелігі бойынша шығыстардың есептеулері Қағидаларға 2, 3, 3-1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 16-қосымшаларға сәйкес 01-111, 02-111, 03-111, 04-111, 05-111, 06-111, 07-111, 08-111, 09-111, 10-111, 11-111, 12-111, 13-111, 14-111 және 15-111 нысандары бойынша жасалады.
Көрсетiлген нысандар бойынша есептеулердi жасаған кезде радиациялық зiлзала аумақтарында тұрғаны және экологиялық қасiрет аймақтарында тұрғаны үшiн қосымша ақы есептелген кезде «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және «Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алған жөн.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 «Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітелген пилоттық органдар үшін мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеуге араналған шығыстардың есебі ерікті нысанда жасалады.
Демо – версия документа