«Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 9 тамыздағы № 598 бұйрығы
«Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 9 тамыздағы № 598 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қазандағы № 148 (1964) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітлген Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларына:
3-1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі - қағаз немесе электронды құжат нысанындағы Қазақстан Республикасының автомобильдік тасымалдаушыларына құқық беретін халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі - Рұқсат);
2) автокөлік құралына рұқсат карточкасы - қағаз немесе электронды құжат нысанындағы автокөлік құралын халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруда пайдалануға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі - рұқсат карточкасы);
4-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Рұқсат және рұқсат карточкасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - аумақтық органдар) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша беріледі.»;
Демо – версия документа