Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАКТИЛОСКОПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕН...

Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 141 Қаулысы

 

Осы редакция 2023 жылғы 1 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, босқын куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысының мынадай ережелердегі қолданылуы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгісінде:

«2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын қорғауға қойылатын талаптар» деген бөлімде:

1-тармақтың екінші бөлігінде, осы бөлік тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада Қазақстан Республикасының азаматы паспортының иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат қорғалған түрде сақталады.»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің үлгісінде:

«2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін қорғауға қойылатын талаптар» деген бөлімде:

1-тармақтың екінші бөлігінде, осы бөлік тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің иесі туралы графикалық және мәтіндік, оның ішінде оның заңды мекенжайы туралы ақпарат, оның фотобейнесі және қолы қорғалған түрде сақталады.»;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку