«Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 119 бұйрығы
«Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 119 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 361 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14210 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) болжамды жыл - шығындарды есептеу жүргізілетін күнтізбелік жыл;
2) кассалық алшақтық - шартты тұтынушылар тарапынан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және өздері жеткізіп берген электр энергиясы үшін ақысы төленбеуі немесе уақтылы төленбеуі салдарынан туындаған ақшалардың уақытша жетіспеушілігі;
Демо – версия документа