Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 986 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:

2-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) іріктеу комиссиясы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) әскери бөлімдерінде (мекемелерінде) құрылатын, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтарды іріктеу жөніндегі комиссия;»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) штаттық-лауазымдық санат – әскери бөлімнің (мекеменің) штатында әскери лауазым үшін көзделген әскери атақ;»;

4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Уәкілетті органдардың бірінші басшылары Қағидаларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші бейбіт уақытта әскери қызметтің алты айынан кейін және әскери-есептік мамандықтардың біреуі бойынша міндетті даярлық курсынан өткен кезде ерікті түрде, оның ішінде бөлімшенің немесе әскери бөлімнің (мекеменің) құрамында Қазақстан Республикасынан тыс жерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін жіберілуі мүмкін.»;

8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку