«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 607 Қаулысы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 607 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
реттік нөмірі 3-жолда:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«
4) | Мамандарға сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде және жетім балаларға, ата -анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат-үйлерде жұмыс істегені үшін: | |||
ұйымның бірінші басшысы және оның орынбасарлары, дәрігерлер | БЛА-дан 210 % | |||
орта медициналық персонал | БЛА-дан 120 % | |||
педагогикалық персонал | БЛА-дан 120 % | |||
санитар, күтуші | БЛА-дан 50 % |
»;
мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«
11) | Есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасы бұзылған адамдарды мәжбүрлеп емдеу жөніндегі мамандандырылған психиатриялық ауруханада жұмыс істегені үшін | БЛА-дан 200 % | ||
12) | Мамандарға медициналық ұйымдар үшін медициналық, санитариялық-шаруашылық және арнайы мүлікті жинақтаумен және сақтаумен, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі медициналық қызметті қалыптастырумен тұрақты жұмыс істегені, төтенше жағдайларда халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек пен медициналық мүліктің резервін қамтамасыз еткен үшін: |
Демо – версия документа