«Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің арнайы қамтамасыз ету жөніндегі орталығы» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 404 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің арнайы қамтамасыз ету жөніндегі орталығы» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 404 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің арнайы қамтамасыз ету жөніндегі орталығы» акционерлік қоғамы қайта құру жолымен жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесі бар «Арнайы қамтамасыз ету орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Серiктестiк қызметiнiң негiзгi бағыттары энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, көлік, байланыс, коммуникация, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бөлімшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің басқа да жүйелері саласында шаруашылық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен (келісу бойынша) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
Демо – версия документа