Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚТЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН...

Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі № 219-1 Заңы

(2018.28.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 5 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

 

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтіндегі «өкiлеттi», «өкiлеттiгiне», «Өкiлеттi», деген сөздер тиісінше «уәкiлеттi», «уәкілетігіне», «Уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.12.01. № 443-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

араласу деңгейі - жол берілмейтін мөлшердің шамасы, оған жеткен кезде, созылмалы немесе авариялық сәуле алу жағдайы туындаған реттерде қорғау немесе авариядан кейінгі шаралар қолданылады;

әсерлі мөлшер - адам организмі мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезімталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейіндегі зардаптарының пайда болу қатерінің шамасы ретінде пайдаланылатын иондаушы сәулелендірудің сіңірілген энергиясының шамасы;

бақыланатын аймақ - радиациялық бақылау, адамдарды жіберу және олардың тұруы жөнінде арнаулы ережелер қолданылатын аумақ;

иондаушы сәулелендіру - ортамен өзара әрекет кезінде түрлі белгілердегі иондар түзетін, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендіру;

пайдаланушы ұйым - атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

персонал - иондандырушы сәулелену көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін немесе еңбек жағдайлары бойынша олардың әсер ету аясында болатын жеке тұлғалар;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку