«Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 89 бұйрығы
«Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 89 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 04 мамырдағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31679 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Мыналар есепке алуға жатпайды:
1) бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға келіп түскен қызметтік құжаттар;
2) жоғары тұрған органның тапсырмалары мен нұсқаулары;
3) жарнама қамтылған ұсыныстар;
4) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жолданымдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша жолданымдар;
5) қарау тәртібі Кодекстің 3-бабының 4-бөлігімен реттелетін жолданымдар, хабарламалар, сұрау салулар, пікірлер, ұсыныстар, өтінішхаттар.
Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар «Электрондық жолданымдар» АТЖ-ға келіп түскен ТЖ-2 нысанын толтыру жолымен басқа ақпараттық жүйелерге көшірілуге жатады.
Демо – версия документа