«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 447 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 447 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
Демо – версия документа