«Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 421 Қаулысы (күші жойылды)
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 421 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 15, 90-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасында:
«Бірінші бағыт: инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жергілікті атқарушы органдар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - Бағдарлама операторы) өңірлік даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органымен келісілген, Бағдарлама шеңберінде іске асыру ұсынылатын ауылдық жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу жөніндегі жобаларды және инфрақұрылымдық жобаларды қолданыстағы заңнамада талап етілетін техникалық құжаттаманы, жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс орындары саны мен орташа айлық жалақы көрсеткіштерінің негіздемесін қоса бере отырып, жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2 тармақтармен толықтырылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа