«Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 911 бұйрығы
«Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 911 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 108 (1924) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. ӘҚҚ органының (ӘҚҚ қызметтерінің) мамандары өз жұмысында жергілікті ерекшеліктер және әрбір нақты диспетчерлік пункттің (сектордың) жағдайы есепке алына отырып әзірленген және аэронавигациялық ұйымның (филиалдың) басшысы бекіткен ӘҚҚ органы (ӘҚҚ қызметі) диспетчерлерінің жұмыс технологияларын басшылыққа алады және оған мыналар кіреді:
1) жалпы ережелер;
2) кезекшілікке дайындалу және кезекшілікті қабылдау;
3) үйлестіру рәсімдері мен талаптары;
4) әуе қозғалысына қызмет көрсету;
5) авариялық жағдайларда, қауіпті жағдайларда және жабдық істен шыққанда, ӘҚҚ бұзумен байланысты күтпеген жағдайларда іс-қимыл тәртібі.»;
17-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17-5. Объективті бақылау құралдарынан үзінділер және оған талдау жасау мынадай жағдайларда орындалады:
1) жоспарлы:
Демо – версия документа