«Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесін және Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 ақпандағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 307 бұйрығы
«Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесін және Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 ақпандағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 307 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесін және Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 ақпандағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4876 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 18 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар:
1)пробация - санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі;
2) пробация қызметі - қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің органы;
3) сотқа дейінгі баяндама - күдіктінің, айыпталушының жеке басының ерекшеліктері, олардың әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасында көзделген іс-шараларды орындауы, пробация қызметінің ұсынымдарын ұстануы және оның көмегін қабылдауы туралы ақпарат;
Демо – версия документа