(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТ...
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 225 Қаулысы
(2020.29.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - КеАҚ) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2020.29.04. № 253 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласының (бұдан әрі - бағдарлама) жылжыту стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды, бағдарламаны іске асыруға қатысатын барлық құрылымдарды талдамалық және әдістемелік сүйемелдеуді, оның ішінде қоғамдық-саяси ахуалды мониторингтеу мен талдауды, азаматтық қоғамдағы процестерді болжауды, ғылыми зерттеулер жүргізуді және мемлекеттік жастар мен отбасы саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
3. КеАҚ жарғылық капиталы 123850000 (бір жүз жиырма үш миллион сегіз жүз елу мың) теңге мөлшерінде Республикалық бюджет қаражаты есебінен және 100 (бір жүз) пайыз мөлшерінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысудың мемлекеттік үлесін беру есебінен қалыптастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) КеАҚ жарғысының бекітілуін;
Редакция документа
Демо – версия документа