«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы» 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 және «Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы» 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 194 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы» 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 және «Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы» 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:
152-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«152-2. Президенттік резервті бекітуді осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысымен келісілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің (бұдан әрі – Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі) ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.»;
152-4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«152-4. Президенттік резервті қалыптастыру тоқсан сайын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және Ұлттық ұланының басшы лауазымдарына орналасу үшін кандидаттарға ағымдағы және перспективадағы қажеттіліктің болжамы ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
152-6, 152-7 және 152-8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа