(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК АРНАЙЫ ЖӘРДЕМАҚЫЛАР ТАҒАЙЫНДАУ» МЕМЛЕКЕ...
Осы редакция 2016 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
4-қосымша
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
1. «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі - регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және мемлекеттік арнайы жәрдемақылар (бұдан әрі - жәрдемақылар) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - уәкілетті ұйым);
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Редакция документа
Демо – версия документа