«Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 19 Қаулысы
«Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 19 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20269 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш келіп түскен және тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттар белгіленген жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық түрде өтініш берген кезде порталда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі белгіленген жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттарды 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.
Демо – версия документа