«Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 177 бұйрығы
«Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 177 бұйрығы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12533 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларында:
3-тармақ алып тасталсын;
12, 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Егер қызметкер жұмысқа орналасқан кезде есептелген жалақы сомасы болмаса не оқиға алдындағы 24 ай бойы жалақысы болмаған жағдайда, онда оқиға орын алған жағдайда орташа күндік (сағаттық) жалақы қызметкердің күндік (сағаттық) тарифтік мөлшерлемесін (лауазымдық жалақысын) негізге ала отырып есептеледі.
Қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі тарифтік мөлшерлемесін (лауазымдық жалақысын) тиісті күнтізбелік жылдағы жұмыс уақытының балансына сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі ағымдағы айдағы жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен есептеледі.
13. Лауазымдық жалақы арттырылған жағдайда орташа жалақыны есептеу арттыру коэффициентін ескере отырып, мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) егер арттыру есеп айырысу кезеңінде жүргізілсе, арттырудың алдындағы әрбір ай үшін орташа жалақы арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі;
2) егер арттыру есеп айырысу кезеңінен кейін оқиға болғанға дейін жүргізілсе, есеп айырысу кезеңі үшін орташа жалақы арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі;
Демо – версия документа