Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕМЛЕКЕТТІК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ...

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.07.04. № 117 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы 30 қазандағы

№ 7-1/559 бұйрығына

1-қосымша

 

Осы редакция 2025 жылғы 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы

ереже

(2021.09.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021.09.11. № 325 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мәселелердi регламенттейдi.

2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі -ведомство) - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті органның бөлімшесі;

2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері - ведомствоның тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қала, астана) орналасқан аумақтық бөлімшелері.

3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың негiзгi мақсаттары:

1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу;

2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;

4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмау, анықтау, жолын кесу және жою.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку