«Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 15 мамырдағы № 507 бұйрығы
«Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 15 мамырдағы № 507 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10954 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларында:
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Активтерді беруді, сатуды ресімдеу үшін нысандары 562-бұйрықпен бекітілген қабылдап алу-беру актілері қолданылады. Акті екі данада жасалады және әрбір жеке объектіге немесе объектінің құрауышына екі тараптың да қолы қойылады.
Құжаттамасы қоса берілген ресімделген акті бухгалтерлік қызметке беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және субъектінің басшысы бекітеді.
Активтерді қорлар ретінде сату кезінде нысаны 562 бұйрықпен бекітілген тарапқа қорларды босатуға арналған жүкқұжат қолданылады.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Субъектінің кассасына қолма-қол ақшаны қабылдап алу нысаны 562-бұйрықпен бекітілген, субъектінің бас бухгалтері немесе осыған уәкілеттік берілген адамы қол қойған кіріс касса ордері (бұдан әрі - кіріс ордері) бойынша жүргізіледі.
Қолма-қол ақшаны қабылдау кезінде субъектінің бас бухгалтері немесе осыған уәкілеттік берілген адамы және кассир қол қойған түбіртек беріледі осы ұйымның мөрі мөрімен бекемделеді (ол бар болса).
Бақылау-касса машинасын пайдаланған кезде түбіртектің орнына бақылау-касса машинасының чегі беріледі.»;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Есеп беретін сомалар субъектінің қызметкерлеріне, сондай-ақ жіберуші Тараптың қызметкерлеріне беріледі.
Демо – версия документа