(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 шілдедегі № 1109 Қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:
4-тармақтың 8) тармақшасындағы «Техникалық регламентке 2-қосымшаның тізбесіне сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Автокөлік құралдарының Техникалық регламент талаптарына сәйкестігі «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысымен белгіленген тәртіппен берілетін сәйкестік сертификаттарымен куәландырылады.»;
үшінші абзацтағы «2011» деген сандар «2014» деген сандармен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «2014» деген сандар «2016» деген сандармен ауыстырылсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, бұрын пайдаланылған автокөлік құралдарының Еуро-2 экологиялық кезеңінің талаптарына сәйкестігін растау Техникалық регламентке 4-қосымшаны ескере отырып жүзеге асырылады.»;
Редакция документа
Демо – версия документа