«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 және «Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» 2016 жылғы 28 шілдедегі № 348 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 778 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 және «Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» 2016 жылғы 28 шілдедегі № 348 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 778 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10571 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережеде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Тұрғын үй инспекциясының заңдық мәртебесі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Тұрғын үй инспекциясының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері»;
16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тексеруді 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізеді;»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Тұрғын үй инспекциясын басқару»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Тұрғын үй инспекциясының мүлкін құру тәртібі»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Тұрғын үй инспекциясының жұмыс режимі»;
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі»;
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Тұрғын үй инспекциясын қайта ұйымдастыру және тарату»;
Демо – версия документа