«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1081қпү қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 441 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1081қпү қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 441 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 628 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттеріне:
5-1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
5-1 | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі, оның аумақтық органдарын қоса алғанда: | 2309 |
»;
2) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1081қпү қаулысында:
қаулының деректемесінде:
тіркеу нөмірі мынадай редакцияда жазылсын:
«№ 1081»;
«Қызмет бабында пайдалану үшін», «№__дана» деген сөздер алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүзеге асыратын уәкілетті адамдардың тізбесін әзірлеу;
Документ утратил силу
Демо – версия документа