«Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 85 Қаулысы
Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 85 Қаулысы
«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Алматы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 (жүз) пайыз мөлшерiндегi мемлекеттік қатысу үлесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншiгіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Демо – версия документа