Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 545 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 545 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12463 болып тіркелген):

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:

4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Жүктерді халықаралық тасымалдау халықаралық шарттардың, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11779 болып тіркелді) бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11704 болып тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдарында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын және осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, жүзеге асырылады.»;

6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) 250 километрді (бұдан әрі - км) қоса алғанға дейін - бір тәулік;»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку