Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ӘУЕЖАЙЛАРДА ҰШУ ҚАУІПСІЗДІГІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЛГІ...

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрінің

2011 жылғы 28 наурыздағы

№ 173 бұйрығымен

бекітілген

 

Осы редакция 2024 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

 

Әуежайларда ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі
үлгі нұсқаулық
(2019.23.07. берілген өзгерістермен)

 

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.23.07. № 537 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Әуежайларда ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулық (бұдан әрі - Үлгі нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін (бұдан әрі - ҰҚБЖ) ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

2. ҰҚБЖ-ны іске асырудың жоспарын әуежай басшысы бекітеді және ұлттық нормативтік құқықтық актілер, Халықаралық стандарттар мен ұсынылатын практика негізінде әзірленеді.

3. ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын әзірлеу:

1) ұйымның ұшу қауіпсіздігі саласындағы мақсаттарына жауап беретін ҰҚБЖ-ны іске асырудың нақты стратегиясын дайындауына;

2) ҰҚБЖ-ны іске асыру үшін қажетті бірқатар бақыланатын қадамдарды жоспарлауға;

3) ҰҚБЖ-ны іске асыру үшін жауапкершіліктің шекараларын анықтауға ықпал ететін болады.

4. ҰҚБЖ-ны іске асырумен байланысты жұмыс жүктемесін тиімді реттеу үшін кезең-кезеңдік әдісті жүзеге асыру ұсынылады. Әрбір кезең ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО) тұжырымдық шеңберінде ҰҚБЖ үшін нақты элементтерді қолданысқа енгізуге негізделеді.

5. Әрбір кезеңнің іске асыру мерзімдері ұйымның ауқымына және ұсынылатын қызметтердің күрделігіне сәйкес келеді.

6. ҰҚБЖ іске асыру жоспары мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) ҰҚБЖ-ны іске асыруды жоспарлау;

2) ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қою процестері;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку