Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 3 қарашадағы № 591 бұйрығы

«Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 3 қарашадағы № 591 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15358 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларында:

3-тармақтың 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«38) жанартау күлі бойынша консультативтік орталығы (VAAC) - метеорологиялық бақылау органдарына, аудандық диспетчерлік орталықтарына, ұшу ақпараттық орталықтарына, аймақтық болжамдардың дүниежүзілік орталықтарына және ОРМЕТ халықаралық банктеріне атмосферадағы тік және көлденең қуаттылығы және жанартау күлінің ауысуына қатысты консультативтік ақпаратты ұсыну үшін өңірлік аэронавигациялық келісімге сәйкес тағайындалған метеорологиялық орталық.»;

3-тармақ мынадай мазмұндағы 69-1) тармақшамен толықтырылсын:

«69-1) стандартты атмосфера (стандартные условия) - ИКАО-ның I бөлімінің 8-Қосымшасында баяндалған анықтамаға сәйкес келетін атмсофера.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігін бағалауды жүзеге асыру жөнінде ДМҰ талаптарын іске асыру үшін АНҚБ өздері әзірлеген және бекіткен құзыреттілікті аттестатауды бағалау әдістемесі негізінде авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігін аттестатауды (тексеруді) бағалайды.

Осы әдістеме метеорологиялық өкілетті органмен келісіледі.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку