«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 243 бұйрығы (2025.13.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 243 бұйрығы
(2025.13.05. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) ҚР Қаржы министрінің 2025.18.04. № 180 бұйрығымен алып тасталды (2025 ж. 13 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидалары» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қаңтарда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
«21-1. 01-116-нысан (20-1-қосымша) Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары шығыстарды есептеуге арналған.
Осы нысан бойынша есепті жасау кезінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңын басшылыққа алу керек.
20-1-қосымша сонымен қатар 135 «Техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары» ерекшелігі бойынша жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарына арналған шығыстарын есептеу үшінде қолданылады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Демо – версия документа