«Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 612 бұйрығы
«Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 612 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9738 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Пробация қызметінің қызметкерлері ай сайын атқарылған жұмыс туралы пробация қызметінің бастығына (не оны алмастыратын адамға) есеп береді.
Пробация қызметінің ұйымдастырылуын бақылау пробация қызметінің бастығына (не оны алмастыратын адамға) жүктеледі.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сотталғанды есепке қойғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Пробация қызметі:
1) «Арнайы есепке алу» автоматтандырылған ақпараттар жүйесіне (бұдан әрі - АЕА ААЖ) деректемелерді автоматты түрде толтыру үшін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларына (бұдан әрі-адамдардың арнайы есебін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары) 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталған (күзетпен қамауға алынған) туралы электрондық хабарламаны қалыптастырады және жеке қағаз тасымалдағыштарда үкім көшірмесін, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін ҚСжАЕАК-нің аумақтық басқармасына жолдайды.
Демо – версия документа