«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 58 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 58 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Банк белгілеген нысан бойынша банкке қағаз тасымалдағышта немесе электрондық түрде ұсынылған клиенттің өтініші (бұдан әрі - өтініш) негізінде клиент пен банк арасында банктік шот шарты және (немесе) банктік салым шарты (бұдан әрі - банктік қызмет көрсету шарты) жасалған кезде банктiк шот ашылады.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мақсаты үшін банктік шот шартын жасасқанға дейін ақпараттық өзара әрекеттесу арқылы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган банкке ұсынған жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін және тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) қоса алғанда, ол туралы ақпарат негізінде банктің клиентке жеке сәйкестендіру кодын беруіне рұқсат етіледі. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган жеке тұлғаның келісімімен жеке тұлға туралы ақпаратты ұсынады және ол клиенттің электрондық нысанда жіберілген банктік шотты ашу туралы өтінішіне теңестіріледі. Бұл ретте осы Қағидалардың талаптарына сәйкес банктік қызмет көрсету шарты жасалғаннан кейін ғана осы банктік шот бойынша шығыс операцияларын жасауға рұқсат етіледі.
Демо – версия документа