(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТИІСТІ БІЛІКТІЛІК САНАТЫН БЕРЕ ОТЫРЫП МАМАН СЕРТИФИ...
Осы редакция 2017 жылғы 21 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 401 бұйрығына
2-қосымша
«Тиісті біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.29.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Тиісті біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді. көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алуға өтінішті қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі - тиісті біліктілік санаты берілетін маман сертификаты (бұдан әрі - сертификат) немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
әрекеттерінің тәртібін сипаттау
Редакция документа
Демо – версия документа