«Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің жылғы 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 37 бұйрығы (күші жойылды)
«Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің жылғы 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 37 бұйрығы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына (құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;»;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
Документ утратил силу
Демо – версия документа