Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КЕДЕНДІК ӘКЕЛУ БАЖДАРЫНЫҢ (ӨЗГЕ ДЕ БАЖДАР, БАЛАМА ӘР...

Осы редакция 2014 жылғы 10 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 5 ҚОСЫМША

 

 

Кедендік әкелу баждарының (өзге де баждар, балама әрекеті бар салықтар мен алымдар) сомаларын есепке алу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы

хаттама

 

1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 26-бабына сәйкес әзірленді және Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының сомаларын төлеу міндеті 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап туындаған кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және мүше мемлекеттер арасында бөлу тәртібін айқындайды.

Осы Хаттама Одақтың кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен Одақтың құқығын құрайтын актілерге сәйкес көзделген жағдайларда және тәртіппен кедендік әкелу баждарының сомаларына есепке жатқызылған өсімпұлдар (пайыздар) сомаларына да қатысты қолданылады.

2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

«уәкілетті органның бірыңғай шоты» - түсімдерді осы мүше мемлекеттің бюджеттеріне есепке алу және олардың арасында бөлу үшін уәкілетті орган үшін ұлттық (орталық) банкте немесе ұлттық (орталық) банкте корреспонденттік шоты бар уәкілетті органда ашылған шот;

«есеп беру күні» - кедендік әкелу баждарының сомаларын уәкілетті органның бірыңғай шотына есепке алу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің жұмыс күні;

«мерзімін өткізіп алғаны үшін пайыз» - мүше мемлекеттің кедендік әкелу баждарын бөлуден түскен сомаларды аудару міндеттемелерін орындамауына, толық орындамауына және (немесе) уақтылы орындамауына әкеп соқтырған осы Хаттаманың ережелерін бұзғаны үшін мүше мемлекеттің басқа мүше мемлекеттерге аударуға тиісті сомасы;

«шетел валютасындағы шот» - басқа мүше мемлекеттің кедендік әкелу баждарын бөлуден түскен түсімдерді есепке алу үшін ұлттық (орталық) банкте басқа мүше мемлекеттің валютасымен бір мүше мемлекеттің уәкілетті органы үшін ашылған шот;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку