(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДА...
Осы редакция 2018 жылғы 2 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін
атқарушысының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 640 бұйрығына 1-қосымша
«Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.12.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.12.02. № 183 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына берілетін аттестат (бұдан әрі - аттестат);
2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 72 бабы, 6 тармағымен қарастырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі - Заң);
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру электронды нысанда.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерініз)
іс-әрекет тәртібінің сипаттауы
Редакция документа
Демо – версия документа