«Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына» өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 59 бұйрығы
«Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына» өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 59 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - «Білім туралы» Заң) 5-бабы 68) тармақшасына сәйкес әзiрленген және мектепке дейінгі ұйымдар қызметінiң тәртiбiн айқындайды.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа