«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 783 бұйрығы
«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 783 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидаларында (100.00 нысан):
17-тармақтың 1) тармақшасында:
тоғызыншы және оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«100.00.016 VIII-жолда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі - Әлеуметтік кодекс) сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялық кіріс көрсетіледі;
100.00.016 IX-жолда Әлеуметтік кодекске сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық кірістер көрсетіледі;»;
көрсетілген бұйрыққа 2-2-қосымшаға сәйкес бекітілген Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидаларында (100.00 нысан):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (бұдан әрі - Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі - КТС) есептеуге арналған «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация» салық есептілігінің нысанын (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны:
мемлекеттік органдар;
орта білім берудің мемлекеттік мектептері;
Демо – версия документа