Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 1002 бұйрығы

 «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 1002 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ:

113) және 114) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«113) осы бұйрыққа 113-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларацияның нысаны (870.00-нысан);

114) осы бұйрыққа 114-қосымшаға сәйкес «Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация (870.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;»;

мынадай мазмұндағы 117) и 118) тармақшалармен толықтырылсын:

«117) осы бұйрыққа 117-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның нысаны (200.00-нысан);

118) осы бұйрыққа 118-қосымшаға сәйкес «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (110.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидаларында:

17-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«17) 110.00.017 жолында 110.01.020 жолында көрсетілген сома көшірілетін, жылдық жиынтық кіріске енгізілетін, қызметкерлерді қоғамдық тамақтандыруды, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, балаларды, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объектілерін пайдаланғаннан алған кірістер көрсетіледі;»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку