Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1029 Қаулысы (күші жойылды)

«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1029 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 15, 90-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасында:

«Бағдарлама паспорты» деген бөлімде:

«Іске асыру мерзімдері және кезеңдері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

Іске асыру мерзімдері және кезеңдері

1-кезең - 2015 жыл

2-кезең - 2016 - 2019 жылдар»;

«Ағымдағы ахуалды талдау» деген 3-бөлімде:

2-тармақтың он жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ол дағдарысқа қарсы ден қою, еңбек нарығын реттеу тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығының мониторингі, табысы аз, жұмыссыз және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударған оралмандар мен қоныс аударушыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту тетіктерін қамтиды.»;

«Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және нәтижелер көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:

4-тармақтың екінші бөлігіндегі 1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдар - 5,5 %-ы;

2) жұмыссыздар - 11,0 %-ы;»;

5-тармақтың екінші, төртінші, бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы оған қатысушылардың қатарына қосылған азаматтардың үлесі 2020 жылға қарай - 92,0 %;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку