(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ, МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПО...
«Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 және «Кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 343 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 146 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 5 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7785 болып тіркелген, 2012 жылғы 28 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 540-545 (27618) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережеде:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кіреді:
уәкілетті органның бірінші басшысы (орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда);
аппарат басшысы немесе уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасарлары;
заң қызметінің басшысы (болған жағдайда);
қаржы қызметінің басшысы;
персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы;
Тұрғын үй комиссиясының хатшысы;
үштен аспайтын кәсіподақ ұйымының өкілдері (болған жағдайда);
уәкілетті органның өкілдері.
Редакция документа
Демо – версия документа