(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ М. А. 2015.28...
Осы редакция 2016 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін
атқарушысының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 640 бұйрығына 3-қосымша
«Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды,
материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі - ХҚКО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру электронды нысанда.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерініз)
іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
Редакция документа
Демо – версия документа