(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК БАЗАЛЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН ТАҒАЙЫНДАУ...
Осы редакция 2016 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
5-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.29.01. № 68 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.29.01. берілген өзгерістермен)
1. «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) порталға, Мемлекеттік корпорацияға - Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап - 8 (сегіз) жұмыс күні.
порталда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу үшін - ақпараттық жүйесіне электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда - 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда - 20 минут.
Редакция документа
Демо – версия документа